Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 2017 жылдың 14 маусымы аралығында жарық көрген материалдар қабылданады. Ал жеңімпаздар алты аталым − Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейне-материалдар бойынша анықталады. Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады.
Сыйлыққа үміткер кандидаттарды бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Сонымен қатар, бұл бәйгеге өзін өзі ұсыну арқылы жеке журналистер де қатыса алады. Өтінім бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің ресми бланкісіндегі, басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған хат, өзін өзі ұсынған жағдайда – сыйлыққа үміткердің өзі қол қойған хатымен қабылданады.
Осыларға қосымша, сыйлықтан үміткер туралы қысқаша ақпарат (лауазымы, байланыс телефондары, пошталық мекенжайы, электрондық поштасы) көрсетіледі. Жарияланған немесе эфирге шыққан материалдардың мәтіндері, аудио, бейне-фотоматериалдар, не ғаламторда шығарылған материалдар тиісті сілтемелерімен бірге ұсынылуы тиіс.
Өтінімдер 2017 жылдың 15 маусымына дейін Парламент Мәжілісінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия жұмыс органына – Мәжілістің баспасөз қызметіне – 000001, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 4, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне немесе smimazh@parlam.kz электронды мекенжайына жолдануы қажет.
Баспасөз басылымдары мен ғаламтор-басылымдарда жарияланбаған, сондай-ақ теле және радоэфирге шығарылмаған, Парламент тақырыбына сай келмейтін материалдар мен Комиссия жұмыс органына құжат қабылдау мерзімінен өтіп кеткен материалдар қарастырылмайды. Комиссия сыйлыққа номинацияланатын жұмыстарды бағалау кезінде тақырыптың жазылып-көрсетілу тереңдігін, материалды берудегі кәсіби шеберлік пен объективтілікті, оның көркемдік ерекшеліктерін бағалайды. Ал сыйлық иелері Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында жарияланады.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессияның соңында журналистерге арналған сыйлық белгілеу бойынша Мәжіліс бюросының шешімін жариялаған болатын. Биылғы жылы «Парламент сөзі» сыйлығы алғаш рет тапсырылғалы отыр.
Парламент Мәжілісі бүгіннен бастап заң шығару қызметін үздік жазып, көрсеткендерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдайды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Медицина • Бүгін, 20:25
Президент тапсырмасы: жас ғалымдарға пәтер сертификаттары табысталды
Қоғам • Бүгін, 19:35
Елорданың «Байқоңыр» ауданында ауқымды мұз айдыны ашылды
Елорда • Бүгін, 19:30
Президент Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 19:18
Байсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Кино • Бүгін, 17:30