Кездесу барысында саяси және сауда-экономикалық, оның ішінде туризм, мәдениет және спорт салаларындағы Қазақстан-Таиланд қарым-қатынастарының даму қарқыны талқыланды. М.Есенбаев Корольге Таиландта қызмет атқарған кезеңі – 1998-2000 және 2013-2017 жылдары көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
Таиланд Королі елшіге екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше жоғары екеніне назар аударды.
«Қазақстан мен Таиланд екіжақты қатынастарды дамытуда және халықтар арасындағы достықты нығайтуда елеулі прогреске қол жеткізді. Мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевты аса құрметтеймін және оның Қазақстан-Таиланд ынтымақтастығын серпінді дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін», деді Король.
Кездесу соңында Таиланд Королі Қазақстан Президентіне ізгі тілектерін жолдады, ал достас Қазақстан халқына игілік пен гүлдену тіледі.
Бангкок қаласында Таиланд Королі Ұлы мәртебелі Маха Вачиралонгкорн Бодинтхратхеппхаяварангкун Қазақстан Республикасының елшісі Марат Есенбаевты ресми қабылдады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты
Бокс • Бүгін, 11:15
Астанаға миллионнан астам турист келді
Туризм • Бүгін, 11:00
Қазақстан рекорды жүзуден үшінші рет жаңарды
Спорт • Бүгін, 10:50
Ел оқушылары халықаралық олимпиадада жүлделі болды
Білім • Бүгін, 10:40
Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Экономика • Бүгін, 10:15