Парламент • 12 Мамыр, 2017

Хаттама қаралып, келісім талқыланды

477 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Эконо­ми­ка­лық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «1996 жыл­ғы 18 қазандағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі ара­сындағы темір жол көлігі кәсіп­орындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Хаттама қаралып,  келісім талқыланды

2016 жылғы 4 қазанда Астанада жасалған Хаттамада бір тараптың құрамына кіретін, бірақ екінші тараптың аумағында орналасқан темір жолдардың учаскелеріндегі стансаларды ашу және жабу тәртібі  белгіленді. Сондай-ақ, бір тараптың аумағынан шығып, аялдамай тран­зитпен келетін жолаушылар және жүк пойыздарын екінші тарап­тың мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу тәртібі де бар. 

* * * 
Парламент Сенаты Консти­туция­лық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Қыр­­ғыз Республикасының Үкі­меті арасындағы реадмиссия тура­лы келісімді және Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Қыр­ғыз Республикасының Үкіметі ара­сын­дағы реадмиссия туралы келі­сім­ді іске асыру тәртібі туралы ат­қару хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
2016 жылғы 17 қазанда Астанада жасалған Келісім мен Хаттама уағдаласушы тараптардың аумағына заңсыз келген, онда болған немесе тұрып жатқан Қазақстан мен Қыр­ғызстан азаматтары, үшінші мем­ле­кеттердің азаматтары неме­се аза­маттығы жоқ адамдар реад­мис­сиясының құқықтық және ұйымдастыру мәселелерін реттейді.
Құжаттардың ережелері қайта­ры­латын адамдарды анықтап, олар­дың реттелген және қауіпсіз тран­зитінің тетіктерін реттейді, реадмиссия, транзит немесе әңгімелесуді жүргізу туралы сұрау салуды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесін қамтиды, адамдарды бірге жүру арқылы берудің шарттары мен тәртібін айқындайды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.