Қаланың барлық алаңдарында әдемі әуендер естіледі. Шараға қатысушылар 4-6 шілде аралығында өз көрермендеріне керемет көңіл-күй сыйлайды.
Биыл фестивальге Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі, Астана қаласы Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрі, МКҚ үрмелі аспаптар оркестрі, Моңғолия Қорғаныс министрлігінің Әскери училищесінің үрмелі аспаптар оркестрі Бішкек қаласының Мэриясы жанындағы үрмелі аспаптар оркестрі, Қырғызстан, Орынбор қаласының үрмелі аспаптар оркестрі, Қостанай қаласының «Карнавал» би студиясы қатысады.
Шараның ашылуы 4 шілдеде сағат 20:00-де қалалық алаңда өтеді. Келесі күні сағат 10:00-де музыкалық мереке қалалық саябақтарда және басқа алаңдарда жалғасын табады. Ал кешке «Бәйтерек» монументінің жанында бэнд-марафон ұйымдастырылады. Фестивальдің соңғы күні барлық ұжымдардың қатысуымен Парад-концерт өтеді. Шеру Республика даңғылымен Әскери-тарихи музейден Жастар сарайына дейін жүріп өтеді. «Астана Самалы - 2017» фестивалі қалалық алаңда Плац-концертпен аяқталады.