Әуелгісі − «Белгісіз солдат» ескерткіші. Бұл тас мүсіннің қайтадан жаңартылып, жаңғыруына «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жеке кәсіпкер Қабылан Уатаев өз үлесін қосқан көрінеді. Екінші ескерткіш ауылдағы мектептің алдына орнатылды. Бұл еңселі ескерткіш жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түскен Шыңқожа батыр Базарқұлұлының құрметіне ашылды. Сонымен қатар, бұл күні Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ауған соғысының қаһарманы, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері А.Қалиасқаровтың ескерткіштеріне мектеп оқушылары гүл шоқтарын қойып, бірқатар тыл ардагерлеріне сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді. Іс-шара соңында боздақтарға арналып құран қатым түсірілді.
Реті келгенде айта кетейік, Ұлы Отан соғысына Аягөз ауданынан 4811 азамат аттанып, соның 2337-сі ғана аман-есен елге оралған.
Ал Шыңғожа ауылынан майдан даласына 200-ден астам жауынгер жол тартып, жартысына жуығына туған жер топырағын қайта басу бақыты бұйырмаған екен.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы