Шараның мақсаты – оларды денсаулық сақтау саласында инновациялық шешімдерді ойлап табуға және іске асыруға тарту және кадрлық әлеуетті анықтап, жас дарынды мамандарға қолдау көрсету.
Шараның ұйымдастырушылары: Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы» РМК, «Астана Innovations» АҚ, Techpreneurs, БҰҰ, БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар ұйымы (ЮНИСЕФ) , Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесі.
Екі күн бойы қатысушыларға (командаларға) алдағы уақытта жетілдіру және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігімен мобильді қосымшаның логикалық аяқталған прототипін әзірлеу. Нақты міндеттердің тізімі шара барысында таныстырылады.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, байқау шеңберінде әзірленген үздік шешімдер қала алаңдарында іске асыру мүмкіндігіне ие болады. Бұған қоса, хакатонның жүлде қоры шетелге тәжірибе жинақтауды және 10 млн теңгеге дейінгі сомаға жобаны коммерцияландыру мүмкіндігін қарастырады.
Байқауға ісін жаңа бастаған стартап-командалар, аталған бағытта инновациялық шешімдері бар жастар қатыса алады.
Хакатонға қатысу тегін. Шараға https://hackathon.ezdrav.kz сайтында алдын ала тіркелуге болады.
Толық ақпарат шараның сайтында, ұйымдастырушылар мен әріптестердің ресми парақшаларында және Facebook әлеуметтік желісінде жарияланатын болады. Хакатон 27 мамырда 9:00-де Астана қ., Иманов к-сі, 19, «Алма-Ата»бизнес-орталығы, 10қабат, 1002 кеңсе, Astana Hubстартап-инкубаторында өтетін болады.