Қазақстан • 12 Мамыр, 2017

Mega Silk Way Astana орталығында «Өзіңді жоғары қан қысымынан қорға» акциясы өтеді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық арасында жоғары қан қысымы проблемасының өзектілігіне байланысты «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, Инсульт проблемалары жөніндегі Республикалық үйлестіру орталығы және Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Өзіңді жоғары қан қысымынан қорға» акциясын өткізеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Mega Silk Way Astana орталығында «Өзіңді жоғары қан қысымынан қорға» акциясы өтеді

Акция 13 мамырда 10:00-ден 14:00-ге дейін Mega Silk Way Astana сауда-ойын-сауық орталығында 1 қабатта «Денсаулық қалашығы» аймағында өтеді.  Шараның мақсаты – жоғары қан қысымының белгілерін дер кезінде және дұрыс анықтаудың маңыздылығы және онымен байланысты инсульт және инфаркт қауіптері туралы халықты ақпараттандыру. Мамандар бірінші медициналық көмек көрсету жолдары, артериалды гипертонияның алдын алу мен ерте анықтау туралы білімді арттыру туралы айтып береді. 

Акция шеңберінде әр азамат «Денсаулық қалашығының» тіркеу үстеліне келіп, тіркеу номерін алып, тегін тексеруден өте алады. Тегін тексеруге артериалды қан қысымын өлшеу, бұлшық еттің май тіндеріне қатысты дене салмағының индексін есептеу кіреді. Сондай-ақ, қандағы глюкоза мен холестерин мөлшерін анықтау, кардиолог, невропатолог, эндокринолог және диетолог дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігі беріледі, сондай-ақ, құнды сыйлықтардың ұтысына қатысуға болады.