Қазақстан • 12 Мамыр, 2017

Қостанай облысындағы Қарасу және Меңдіғара аудандарының әкімдері ауысты

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Меңдіғара ауданының әкімі болып Ерлан Теменов тағайындалды.  Ал Меңдіғара ауданын осыған дейін басқарған Виктор Ионенко Қарасу ауданының әкімі болып ауысты.

Қостанай облысындағы Қарасу және Меңдіғара аудандарының әкімдері ауысты

Бұрын мемлекеттік қызметте де, жекеменшік құрылымда да қызмет  еткен Виктор Ионенко Денисов ауданын, одан кейін Меңдіғара ауданын 2015 жылдан басқарған болатын.

Ал Ерлан Теменовке бірінші рет ауданды басқаруға сенім көрсетіліп отыр. Ол бұрын Арқалық қаласы әкімінің, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Ол екі қалада да жауапты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жауап берді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов оның тиянақты, жауапкершілігі мол, білімді екенін бағалай отырып, ауданды басқаруға сенім көрсеткенін айтты.

Нәзира Жәрімбетова
«Егемен Қазақстан»