Шығыс Қазақстан әкімі Даниал Ахметов ашылу рәсімі алдында Қазақстандағы Литваның Төтенше және Өкілетті Елшісі Витаутас Наудужаспен кездесті.
Даниал Ахметов шетел қонақтарына өңірдің экономикалық, мәдени, табиғи, транзиттік әлеуеті жайлы айтты. Әкім өңірдің сирек кездесетін жер асты қазба байлықтарына және «атомдық» әлеуетіне, агроөнеркәсіптік өндірісіне баса тоқталды. Әкім әлемдік титанның 25 пайызы ШҚО-да өндірілетінін жеткізді, мұнда сирек кездесетін металдың бірегей өндірісі құрылған, өңірдің ауыл шаруашылығы өндірісі жақсы дамыған.
Сондай-ақ, аймақтың транзиттік әлеуетін айта келе, алдағы уақытта Азиядан Еуропаға ең қысқа көлік жолы іске қосылатынына тоқталды. Даниал Ахметов «Тачи-Аягөз» темір жолын салу аяқталған соң ашылатын жаңа перспективалар жайлы сөз қозғады.
Өз кезегінде литвалық елші Витаутас Наудужас Өскемен күллі әлемге уран өндірісі және басқа да сирек кедесетін қазба байлықтарымен қоса көріктілігімен, табиғатының алуан түрлілігімен жақсы белгілі екенін айтты.
Елші литвалық теңіз порттарының орасан мүмкіндіктері жайлы хабардар етіп, ынтымақтастыққа шақырды. Кездесуде тараптар тығыз ынтымақтастықты реттеу мәселелерін талқылады.
«Өзара тиімді ынтымақтастық салаларын табуға тырысайық, жұмыс істеуге дайынбыз. Бізді ауылдық машина жасау саласы қызықтырады», деді Даниал Ахметов.