Аймақтар • 12 Мамыр, 2017

Қызылорда облысының әкімі Мырзан Кенжебаевты мерейтойымен құттықтады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шығармашылық өкілдерімен кездесіп, ақын әрі жазушы Мырзан Кенжебаевты 70 жасқа толуымен құттықтады.

Қызылорда облысының әкімі Мырзан Кенжебаевты мерейтойымен құттықтады

«Тарих беттерін парақтасақ Балқы Базар, Тұрмағамбет, Нұртуған, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары секілді жүрегіне жыр жауһарын жинаған Сыр шайырлары бірінен соң бірі тізбектеліп кете береді. Осындай таланттар мен дарындарға Сырдарияның табанын жайлап жатқан Арал топырағы да кенде емес. Нұртуған, Жәмет, Көпжасар, Дәріғұлдар дүниеге келген киелі топырақтан Әбдіжәміл Нұрпейіс, Молдахмет Қаназ, Әбдіраштың Жарасқаны, Қуаныш Жиенбай, Шөмішбай Сариев секілді арналы ақындар мен жазушылар түледі. Осылардың арасынан сырлы жырларымен оқырманының сүйіктісіне айналған Мырзан Сахиұлын да бөліп айтуға болады», – деді Қ. Көшербаев. 
Өңір басшысы Мырзан Кенжебаевты мерейтойымен құттықтап, аймақ экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыс етті. Содан соң Мырзан Сахиұлын әріптестері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Есенғали Раушанов пен ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Мереке Құлкенов құттықтады. 

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35