Жарысқа қатысатын 2002-2005 жылдары аралығында туылған жеткіншектер «World Class Almaty» кешенінде бас қосады. Бұл спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық шеберлікті арттыруға және жастарды спортқа қызықтыруға бағытталған.
Турнир 11 салмақ дәрежелеріне сәйкес ұйымдастырылады: 32, 35, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 63, 69, +69. Қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі «Халық Арена» спорт кешенінде, мамырдың 13-і күні, сағат 17:00-де басталады. Ал салтанатты ашылу рәсімі мамырдың 14-і күні, сағат 15:00-де.
Турнир БЖСМ #15 және World Class Almaty спорт кешенінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кішігірім сыйлықтармен, грамота мен медальдермен марапатталады.