Технология • 13 Мамыр, 2017

Италия билігі WhatsApp мессенджеріне 3 млн еуро айыппұл салды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның монополияға қарсы агенттігі WhatsApp мессенджерін құрастырушыларға 3 млн еуро айыппұл белгіледі, деп хабарлайды Reuters.

Италия билігі WhatsApp мессенджеріне 3 млн еуро айыппұл салды

Италия үкіметінің айтуынша, сервистің басшылығы 2014 жылы WhatsApp-ты сатып алған Facebook компаниясына тұтынушылар өздерінің жеке мәліметтерін бермесе де, мессенджерді қолдана алатыны туралы ескертпеген. WhatsApp өкілдері бұл айыпқа әлі жауап бермеді. 

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 25 тамызында WhatsApp құпиялық саясатын өзгертетінін хабарлады. Жаңа ереже бойынша сервис Facebook әлеуметтік желісімен мәліметтер алмасып отыратынын хабарлаған еді. Бірақ Еуроодақ елдері компаниядан бұл ережені қайта қарауды талап еткен болатын.