Аймақтар • 13 Мамыр, 2017

Қостанай облысында кадрларды көлденең ротациялау басталды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық қаржы басқармасының басшысы болып, бұрын осы ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарған Алма Жүсіпова тағайындалды.  

Қостанай облысында кадрларды көлденең ротациялау басталды

Қаржы басқармасына 2006 жылы бас маман болып келген ол,  бөлім меңгерушілігіне,  2013 жылы басқарма басшысының орынбасарлығына көтерілді. Басқарманың бұрынғы басшысы Сәуле Аймағамбетова облыстық архивтер және құжаттама басқармасының басшылығына тағайындалды. Ведомствоның ол ауыстырған бұрынғы басшысы Гүлжан Меңдекенова  Тілдерді дамыту басқармасының басшылығына барды,  оның орнындағы Жанболат Үмбетов  Дін істері жөніндегі басқарманы басқаратын болды. Облыстық  Денешынықтыру  және спорт басқармасының басшысы Сергей Матвиенко «кадрларды көлденең ротациялауға» байланысты орнын босатты.

«ҚР мемлекеттік қызмет туралы» заңының 64-бабына сәйкес 2017 жылдың мамыр айынан бері облыста бірінші рет көлденең ротация жүре бастады. Онда басшыға өз лауазымына балама қызмет ұсынылады. Сондықтан көлденең  ротация деп аталады. Қостанайда осыған дейін ауыстырылған төрт басшы осы ротацияның алғашқы қарлығаштары саналады. Олардың төртеуі де өз лауазымдарында он жылдан аса отырған. Ал аталған заң бойынша  басшыға үш жылдан кейін ұсыныс жасалады, егер ол өзге қызметке барғысы келмесе, тағы да үш отыруға құқы бар. Ал алты жылдан кейін мәжбүр ауыстырылады.

Көлденең ротация 2017 жылдың аяғына дейін жүргізіледі.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай