Әлем • 13 Мамыр, 2017

АҚШ-тың Теннесси штаты жоғары білімді тегін меңгеруге мүмкіндік беретін заң қабылдады

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпыға қолжетімді білім беру бағдарламасы 2018 жылы басталады. Оны жүзеге асыру үшін штат билігі 10 млн доллар қаражат жұмсайды, деп жазады CNN.

АҚШ-тың Теннесси штаты жоғары білімді тегін меңгеруге мүмкіндік беретін заң қабылдады

Оқуға түсу үшін болашақ студент ең кемінде бір жыл Теннесси штатының тұрғыны болуы керек. Штаттағы оқудың орташа бағасы 3,7 мың долларды құрайды. 

АҚШ-тың басқа да штаттарында белгілі бір талаптар бойынша тегін оқыту жүйесі енгізілген. Мысалы, сәуір айында Нью-Йорк жылдық табысы 100 мың доллардан аспайтын отбасынан шыққан балаларға тегін білім беруді қамтамасыз ететін шығындарды мемлекеттік бюджетке қосқан болатын.