Ауқымды экологиялық сенбілікке Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен қаланың діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Астана қаласының шіркеулерінің басшысы Астаналық шіркеу округының діни қызметшісі архимандрит Сергий мұндай шаралардың елорда тұрғындары мен қонақтарына үлгі болатынын атап өтті. Бұл түрлі ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтады.
«Достық бірлік және келісім түсініктері Қазақстанды ерекше елге айналдырады. Бүгінгі шара діни конфессиялар арасындағы өзара қарым-қатынастың қандай екендігін көрсетті, бұл бүкіл халыққа да қатысты. Біз бір-бірімізді діни, ұлттық мерекелермен құттықтаймыз. Қиын кезде жанымыздан табылып. Қазақстанды бірге құрамыз. Нақ осындай жылы, шынайы қарым-қатынас Қазақстанның қарқынды дамуына жағдай жасайды және оны басқа елдер үшін үлгі қылады», - деді діни конфессияның басшысы.
Сонымен қатар, сенбілікке қатысушылар Қошқарбаев даңғылының бойына 400-ден аса жас көшет отырғызды, оның ішінде терек, татар үйеңкісі, сондай-ақ, қарағай түрлері бар. Бұдан басқа, Сарайшық шағынауданы аумағында 100 жас көшет егілді, деп хабарлайды «Алматы» ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары.
Қала билігі көгалдандыруды дамытуға ықпал ететін осындай экологиялық шаралардың маңызды екендігін атап өтті. Айта кетейік, бүгін сенбілік қаланың үш ауданында ұйымдастырылды.