Қарабалық ауданындағы Терентьевка селосының тұрғыны Ирина Арцукевичтің ауласына ұзын, улы сұр жыланның «қонақ» болуы бірінші рет емес. Мұнан бұрын да ол ауласынан осындай қауіпті улы жыланды шығарып тастаған болатын. Иринаның айтуынша жылан селоның ластануынан, күтілмегенінен келеді.
«Селода босап қалған жер көп. Ол жерге ретсіз шөп өсіп кеткен, қурап қалған бұта, шағыр, қурай қау боп тұр. Оны жинауға ауылдастардың мойыны жар бермейді. Жылан сондай жерге айналатын болуы керек, ал бала-шаға, тіпті үлкендер үшін де жылан өте қауіпті» дейді Ирина.
Абырой болғанда, жылан ешкімді шаққан жоқ, оны байқасымен заласыздандырылды.
Нәзира Жәрімбетова,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай облысы
Сурет ainanews.kz сайтынан алынды