Қазақстан • 14 Мамыр, 2017

Қазақстандық делегация ICT Spring Europe форумына қатысты

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожиннің басшылығымен қазақстандық делегация Люксембургте ICT Spring Europe IT-технологиялар форумына қатысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегация ICT Spring Europe форумына қатысты

Министрлік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес М. Нұрғожин Люксембург премьер-министрінің орынбасары - экономика министрі Этьенн Шнайдермен кездесті.

Кездесу барысында ғарыш саласындағы ынтымақтастық, атап айтқанда ғарыш аппараттарын құру мүмкіндігі талқыланды. Э. Шнайдер екі ел арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасасу ниетін білдірді.

Форум аясында қазақстандық делегация Иран, Франция өкілдерімен, SES.A. компаниясының мамандарымен келіссөз жүргізіп, Luxinnovation, Basir және GovSat компанияларының өнімдерімен танысты.

ICT Spring - Еуропа орталығында өтетін жаһандық шара. Қатысушыларына IT-да өз білімдерін тереңдету, FinTech жылдам артып келе жатқан индустрия құндылығын бағалау, көрме, жаңа технология мен инновация арқылы ИТ-компанияларды дамытуға ғарыш технологияларының ықпалын зерделеуге бірегей мүмкіндіктер жасайды.

Биыл форумға әлемнің 72 елінің 500 өкілі қатысты.