Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа рай жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2-3 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді. Күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-23 м/с болады. Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше