Әлем • 14 Мамыр, 2017

Кристиан 2-орынға ие болды

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Киевте «Eurovision-2017» халықаралық ән байқауы мәреге жетті. Бірнеше кезеңнен тұратын айтулы ән сайысының ақтық кезеңінде португалиялық өнерпаз Сальвадор Собралдың бағы жанып, жеңімпаз атанды. Жеңістен басты үміткерлердің бірі саналған, Болгарияның атынан сынға түскен 17 жастағы Кристиан Костов көрермендер берген дауыс қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді.

 Кристиан 2-орынға ие болды

Үшінші орын Молдовадан келген «SunStroke Projekt» тобына бұйырды. 
Осы орайда, қазақстандық әнсүйер қауымның біразының бүйрегі бұрған болгариялық әнші туралы аз-кем айта кетейік. Кристиан Костовтың анасы Зәуреш есімді қазақ қызы. «Eurovision-2017» байқауының ірік­теу кезеңінде оза шапқан өнер­лі жігіт таяуда «Егемен Қазақ­стан» газетіне сұхбат беріп, өмір жолы мен өнер жолы туралы айт­қан еді. 
– Бойымдағы өнер атамнан бе­рілген десем, артық айтпаймын. Сіздер менің Сейфолла ат­ам­ды көрсеңіздер ғой. Жүр­ген же­рі думан, кез келген оты­рыс­тың жұлдызына айналады. Жал­пы, біз отбасымызбен өнерге жақынбыз. Анам мен тәтем екеуі караокенің ханшайымдары. Кіші бауырларым Арман мен София Мәскеудегі атақты В.С.Локтев ансамблінің хорында өнер көр­се­теді,– деп ақтарыла айтқан бо­латын. 
Болгариялық бозбалаға бүй­регіміз бұрғанының тағы бір себебі, 12 жасын­да Ресейде өткен ха­лықаралық байқауда жер­лесіміз, талантты му­зыкант Батыр­хан Шүкеновпен жұп­та­сып өнер көрсетіп, кө­­рермен көзай­ы­мы­на айн­алған еді. 
Биылғы жы­лы бұ­рнағы жыл­­дар­мен са­­лыс­тыр­ған­да қа­­зақ­стандық кө­рер­­меннің көңілін кө­бірек аударған «Eurovision-2017» та­рихқа айналды. Сахнада бекер тер төгіп жүрмегенін дәлелдеген Кристиан Костов халықаралық ән байқауында миллиондардың назарын аударып, екінші орынды жеңіп алуының өзі жас әнші үшін үлкен жетістік екені даусыз. Мөлдір үнімен талайларды тамсандырған, нағашысына тартқан бозбаланың бағындырар биіктері әлі алда деп сенейік. 

Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»