Қоғам • 15 Мамыр, 2017

Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қалалық соттың төрағасы Ақжан Ештай кенеттен қайтыс болды деп хабарлайды қалалық соттың баспасөзі қызметі.

Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды

«Кеше, 14 мамыр күні Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Жайлауханұлы Ештай 56 жасында қайтыс болды» деді баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов.

Ақжан Ештай 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлей би ауданында дүниеге келген.

1978 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Ақжан Ештай әр жылдары Целиноград, Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарында судья, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Қылмыстық істер коллегиясының төрағасы, Ақмола облыстық сотының төрағасы және Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының төрағасы болып қызмет атқарды.

Алматы қалалық сотының төрағасы болып 2013 жылдан жұмыс істеді.