Қазақстан • 15 Мамыр, 2017

АХҚО Цинхуа университетімен Өзара Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Цинхуа университеті арасында Өзара Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

АХҚО Цинхуа университетімен Өзара Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

Меморандумның негізгі мақсаты – қаржы орталығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен білім алу жəне зерттеу жобаларын жүзеге асыру.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, АХҚО-ның əлемдік талаптарға сай қаржы орталығына айналуы үшін халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау аса маңызды.

Айта кетейік, 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі. Қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері – қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ, елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Цинхуа университеті – Қытайдағы 1911 жылы құрылған. Аспан асты еліндегі ең негізгі 9 элиталық оқу орындарының қатарына енеді. Үнемі Ұлттық рейтингтің алғашқы орындарына ие болады.