Бақытжан Сағынтаевқа жаңа шағын ауданның 37 гектар аумақты қамтитыны, құрылысқа 271 жер телімі бөлінгені туралы мәлімделді. Мұнда 34 үй тұрғызу жоспарланған. Жер телімдерінің шекарасына қажетті инфрақұрылым – газ, су құбыры, электр қуаты жүргізілген.
Биыл Қостанай облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 210 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы облыста бағдарлама бойынша бес жылдың ішінде 1 млн 150 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.
Үкімет «Нұрлы жер» аясында тұрғын үй нарығын дамытудың кешендік шараларын әзірлеген. Солардың ішінде, ипотекалық несиелерді мемлекеттік субсидиялар есебінен арзандату, «Даму» АҚ субсидиялары есебінен жеке құрылыс салушыларды ынталандыру бар.
«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» салымшылары мен сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үйді тұрғызу жұмыстары жалғасуда. Жаппай тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер телімдері бөлінетін болады.
Үкімет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Заречное ауылындағы «Северный» шағын ауданына барып, өңірдегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz
Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды
Бокс • Бүгін, 15:05
Махмұд Сабырхан алғашқы алтынды еншіледі
Бокс • Бүгін, 14:53
Оқиға • Бүгін, 14:40
Президент ӨСАБ ұйымының басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Құрылыс – ел экономикасы өсімінің басты драйвері - депутат
Парламент • Бүгін, 13:37
«Жастар» Сарайының 50 жылдығы тойланады
Аңдатпа • Бүгін, 12:46