Көрме Қазақстандағы өлшеуіш технологиясының дамуы мен қалыптасуы, геологиялық аймақ мәліметтерінің талдауы, сандық технологияларды енгізу, өндірістік процесті автоматтандыру және оны мұнай-газ, тау-кен өндірісі, металлургия, архитектура, қала, жол құрылысы, қорғаныс, сондай-ақ, ғарыш, сейсмология, картография сияқты салаларға енгізу істерінде қол жеткізілген табыстарға арналған.
Сонымен қатар, еліміздің швейцариялық Leica Geosystems AG компаниясының атсалысуымен соңғы 20 жыл ішінде қол жеткізген ғылыми-технологиялық жетістіктері де осы көрмеде айшықтала түскендей.
Көрмеде швейцариялық аталмыш компанияның сандық технология, геодезия, электронды көшірме, 3D модельдеу, әсіресе жер қабаты астындағы коммуникация құрылғыларын тікелей картаға түсіру, ғимараттар мен құрылғылар мониторингі сияқты жұмыстармен қатар, тау-кен көлігін диспетчерлеу ісіндегі соңғы жетістіктерге айрықша көңіл бөлініпті.
Көрме коммуникация, құрылыс және технология тарихына Мемлекеттік орталық музейдің қор коллекциясынан алынған, жекелей алғанда, Қазақстанның кен орындарын ашу және игеру мен кәсіпорындарының дамуы тарихын бейнелейтін мынадай материалдар негізінде тарихи экскурс ұсынды.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ