Медицина • 19 Мамыр, 2017

Бағдарламалық мақала – барлық салаға ортақ құндылық

304 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кеше Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік Ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар сот жүйесіне, сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жұмыстарын жүргізуге қатысты тиісті ұсыныстар әзірледі.

Бағдарламалық мақала – барлық салаға ортақ құндылық

Жиынға Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бек­тас Бекназаров, Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Президентінің жа­нын­­дағы Қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламасын іс­ке асы­ру жөніндегі ұлттық комис­сия­­ның хатшысы, Президент Әкім­ші­лігі Ішкі саясат бөлімінің мең­­герушісі Аида Балаева және елі­міз­­дің ғылыми-шығармашылық ин­­тел­лигенциясының өкіл­де­рі, Жо­­ғарғы Сот органы аппа­ра­ты­ның басшылығы мен қыз­ме­т­кер­лері, сондай-ақ Сот төрелігі ака­де­миясының профессор-оқы­ту­шы­лар құрамы мен магистранттары қа­тысты. 
Дөңгелек үстел жұмысын аш­қан Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мә­ми Мемлекет басшысының бағ­дар­ламалық мақаласында айтыл­ған мемлекет пен қоғамның алды­на қойып отырған мақсаттары мен міндеттерінің маңызы орасан еке­­нін, соның ішінде жастар бо­ла­ша­ғына бағыт-бағдар берудің мә­ні зор екенін атап өтті. 
«Мақаладағы кемел ойларды  баршаңызбен бөлісу үшін дөң­гелек үстелге жиналып отырмыз. Бағдарламада қоғамдық сана­ны жаңғыртудың бірнеше ба­ғы­ты айқын айтылған. Ұлттық жаң­ғыру деген ұғымның өзі ұлттық са­на­ның кемелденуін білдіреді. Тұ­тас ұлт болып ұйысып отырған қа­зақ­­с­тандықтардың берекесі мен бір­лігінің негізі қазақ ұлтының бол­мыс-бітімінде жатыр. Соның ішін­де халқымыздың сан ғасырлық са­лт-дәстүрінің орны ерекше. Өз­де­рің­ізге мәлім, еліміздің сот жүйесі Майқы би бабамыз негізін қалаған билер сотынан бастау алады. Елбасы айтқандай, жаһандану дәуірінде біз жат идеологиялардың ықпалына өзі­міздің ұлттық құндылықтарымыз ар­қылы ғана төтеп бере аламыз. Сон­дықтан да билерден қалған әділ төрелік ету дәстүрін кеңінен на­сихаттауымыз керек. Осы орайда, алаш қайраткері Міржақып Ду­ла­тов­тың «Заң әдет-ғұрыпқа қайшы кел­с­е, үлкен аяққа тар етік кигенмен бірдей» деген сөзін бүгінгі бо­лашақ заңгерлер білгені жөн», де­ді Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми.  
Қазақстан Республикасының Сот билігінде 35 жылдан бері жұ­мыс істеп келе жатқан Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Жоғарғы Сотының су­­дьясы Бағлан Демесінұлы Мем­ле­­кет басшысының «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­­ламалық мақаласына орай өз ұсы­нысын айтты:
«Бүгінде еліміз экономикалық дамудың шырқау биігіне көтерілді. Қазақстан өзінің халықаралық да­му бағытында үлкен дәре­же­лер­ге ие болды. Мақалада атап көр­­сетілгендей, біздің бола­ша­ғы­мыз – қоғам жетістіктерін әрі қа­рай жалғастыратын, реформалық үде­ріс­­терді игеретін жастарымыз. Рес­­публиканың саяси билігіндегі сот жүйесінің орны ерекше. Қоғам те­пе-теңдігін сақтау мен еліміздің әлеу­меттік, экономикалық даму ба­рысында сот жүйесінің рөлі басым», деген Бағлан Демесінұлы қа­­зақ өміріндегі бітімгершілік тұр­ғы­сынан маңызды рөл атқарған дәс­түрлі билер соты институтын ке­ңі­нен насихаттауды ұсынды. 
«Біздің қазақ ұлтында әлемде тең­десі жоқ билер соты, құқықтық институт бар екенін бәрі біледі. Билер институтының тәжірибесін бү­гінгі жаңа заманға сай қолданудың ма­ңызы зор. «Қазақстандағы 100 жа­ңа есім» жобасынан құқықтану са­ласына ерекше орын тиюі тиіс. Өйт­кені, сот жүйесінің дамуына еңбегі сіңген судьялар мен сот қыз­меткерлері жеткілікті ғой деп ой­лаймын», деді Жоғарғы Сот су­дьясы.
Жиын барысында Президент Н.Назарбаевтың мақаласындағы не­­гізгі аспектілерді ортаға салып, талқылауда Түркі әлемі ақса­қал­дар кеңесінің мүшесі, филоло­гия ғы­лымдарының докторы, про­фес­сор Әділ Ахметов, әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Зай­лағи Кенжалиев, филология ғы­лым­дарының докторы Серік Не­гимов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, алаштанушы ға­­лым, филология ғылымдарының док­­торы Дихан Қамзабек, «На­зар­ба­ев Университет» мәдени бағ­дар­ламалар орталығының басшысы Гүлтас Құрманбай қатысты.
«Мәңгілік Елдің өркениеттік мұрат­тары» тақырыбында көлемді баяндама жасаған профессор Әділ Ахметов прагматизм, бәсекелік қа­бі­лет, ұлттық бірегейлікті сақтау, эво­­люциялық даму, сананың ашық­ты­ғы сияқты іргелі бағыттар бойынша елімізде кешенді іс-шараларды жү­зеге асыру керектігін атап өтті.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жа­ңа саяси бағыты» атты 2012 жы­­лы халыққа Жолдауы – XXI ға­сырдың бірінші жартысының со­ңына дейінгі кезеңді қамтитын алып жобалардың бірегейі. Енді, мі­не, сол стратегиялық, саяси-эко­но­ми­ка­лық және әлеуметтік мәні зор ұзақ мерзімді жоспардың аясында қы­р­уар шаруа толассыз іске асыры­лып жатыр. Олардың ішінде үде­мелі индустрияландырудың екін­ші бесжылдығы жоба­сы мен ха­лықаралық ЭКСПО-2017 көр­­месін айтуға болады. Даму­дың тұрақты жолын қамтыған біз­дің мем­лекетіміз геосая­си, гео­эко­но­ми­калық, гео­тех­но­ло­гия­лық мега өзгерістер ағыны­нан тыс қа­лып оты­рған жоқ. Қазақ­стан­ның эво­лю­циялық жолмен дамуды таң­дауының да өз  сыры бар, өйт­ке­ні революциялық жолды таң­да­ған алыс-жақын елдердің мұ­рат­қа жеткені жоқ. Президент кө­теріп отыр­ған латын әліпбиіне кө­шу мә­селесі – елімізді рухани еге­мен­дік­ке апаратын тура жол. Өйт­кені, бұл әлем өркениетінің ба­сым көп­ші­лігінің әліпбиі», деп түйін­де­ді ол сөзін.
Іс-шара соңында қатысу­шы­лар­дың тұжырымды ойлары мен ұсы­ныстарының негізінде қарар қа­былданып, сот жүйесіндегі мем­ле­кеттік тілдің қолданыс аясын ке­ңейту жұмыстарын жүргізу, Сот төрелігі академиясының оқу бағ­дарламасына «Қазақ билерінің ше­шендік өнері» атты арнайы курс ен­гізу, сот аудармашыларының білік­ті­лігін арттыру мақсатында «Үздік сот аудармашысы» республикалық кон­курсын өткізу, Елбасының латын әліп­биіне көшу туралы тапсырмасы бой­ынша дайындық жұмыстарын пы­сық­тау жұмыстарына қатысты бір­­қатар ұсыныс дайындалды. Қа­рарда топтастырылған ұсы­ныс­тар Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жанындағы Қоғамдық сана­ны жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияға іс-шаралардың жүзеге асуын үйлестіру ұсынылатын болады.

Ая ӨМІРТАЙ,
«Егемен Қазақстан»