«Біз нақты әрекеттерімізбен Елбасы мақаласындағы «Туған жер» идеясын қолдауды жөн көрдік. Бұл аллея – Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесіміз, – деді университет ректоры, профессор Марат Ибатов. – Біздің профессорлар беделді ғылыми мектептердің негізін қалаушылар болып табылады, олардың әрқайсысы жүздеген жоғары білікті мамандарды даярлап шығарған, Қазақстан индустриясын дамытуға зор ғылыми үлес қосқан. Атаулы ағаштар – сүйікті қаламызға деген құрмет және университетіміздің аумағын көгалдандыруға қосқан үлесіміз».
Болашақта аллея абаттандырылып, соқпақ жолдар мен орындықтар орнатылады деп жоспарлануда. Ағаштардың саны да артады. Университет ұжымы бұл саябақ қала тұрғындарының көңілінен шығатынына үмітті.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы