ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен «Еуразия» халықаралық кинофестивалі ұйымдастыру комитетінің қолдауымен ашылған павильон жаңа фильмдер мен жобаларды дамыту мақсатындағы кәсіби кездесулер мен келіссөздерге жол ашады.
Белгілі халықаралық кинофестивальде қазақстандық павильонның ашылуы кино шығарушы ел ретіндегі еліміздің беделін арттырып, киноиндустрия саласындағы әріптестік мүмкіндіктер мен ынтымақтастық байланыстарды кеңейтеді.
19 мамыр күні Францияның ұлттық кинематография орталығында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталовтың қатысуымен Қазақстанның ұлттық павильонының ашылуына байланысты ресми қабылдау өтеді. Сонымен қатар, концерт ұйымдастырылып, онда Өнер университетіндегі камералық ішекті ансамбльінің сүйемелдеуімен Айман Мұсақожаева және Димаш Құдайбергенов өнер көрсетеді. Павильон жұмысы ұлттық фильмдерді қаржыландыру және тәжірибе алмасуға, қазақстандық киноиндустрия және туризм саласын дамытуға ықпалды әріптестер тартуға мүмкіндік жасайды.
70-інші Канн кинофестивалінде (Франция) отандық киноиндустрия тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Алғашқы қазақстандық павильон фестиваль сарайындағы Le Village International кино нарығы алаңында орналасты.
Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты
Бокс • Бүгін, 11:15
Астанаға миллионнан астам турист келді
Туризм • Бүгін, 11:00
Қазақстан рекорды жүзуден үшінші рет жаңарды
Спорт • Бүгін, 10:50
Ел оқушылары халықаралық олимпиадада жүлделі болды
Білім • Бүгін, 10:40
Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Экономика • Бүгін, 10:15