09 Желтоқсан, 2016

Чехиялық министрмен кездесті

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Чехияның өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младекпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында елдер ара­сындағы алдағы сауда-эконо­ми­калық ынтымақтастықтың келешегі, сонымен қатар, жаңғыр­малы энергетика, машина құрастыру, ауыл шаруашылығы, мәдени-білім беру саласындағы ын­тымақтастықтың перспективалары талқы­ланды. Табысты экономикалық ынты­мақтастықтың мысалы ретінде қа­зақстандық «Азия Авто» АҚ база­сындағы «Skoda» автокөлігін құрастыру бойынша конвейерлік желі қызметін айтуға болады. 2005 жылдан бастап Қазақстанда 69 669 млн теңге сомасында 19 888 «Skoda» автокөлігі құрасты­рылған. Тараптар экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік, құ­рылыс, автокөлік өнеркәсібі, туризм, қоршаған ортаны қорғау сала­лар­ындағы өзара тиімді ынтымақ­тас­тықты әрі қарай нығайтуға әзір екенін білдірді.