09 Желтоқсан, 2016

Бакуде Қазақстан туралы көрме өтті

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? Бүгін Бакудегі Әзербайжан мемлекеттік көркемөнер академиясында «Беймәлім Қазақстан» жас фотографтар көрмесі өтеді. Аталған фотожобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры Әзербайжандағы ҚР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ???????????????????????????????????? «Беймәлім Қазақстан» - Ұлы Даланың алуан түрлі табиғаты бар, ежелгі аңыздары бар бірегей фотокөрме. Өзіндік ерекше бояулары бар экспозиция халқымыздың тарихы мен бай мәдениетін сақтауға тырысқан. Фотожобаның әр жұмысы келушілердің таңданысын туғызып қана қоймай, елімізді тереңірек тануға мүмкіндік береді. ???????????????????????????????????? Фотокөрме Венгрияда, Грузияда, Қытай мен Ресейде, Оңтүстік Корея, АҚШ және Францияда қойылды. Енді Әзербайжан халқы 40-тан астам фотожұмысты көріп, жас таланттардың шығармашылығына баға беру мүмкіндігіне ие. ????????????????????????????????????