16 Қаңтар, 2010

АЖАЛДАН АМАН ҚАЛДЫ

2527 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бес жастағы Нұрсұлу Базар­баева көп қабатты үйдің бесінші қабатынан байқаусызда құлап түсіп, облыстық балалар аурухана­­с­ына жедел жеткізілді. Дәрігер­лер­дің дер кезінде көрсеткен жәр­демі арқасында қатарға тез қосылды. – Жамбас сүйегі сынып, бүй­регі зақымданған. Ота жасалған­нан кейін бірер күндей жансақтау бөлі­мінде жатты. Қазір жалпы пала­таға ауыс­тырылды. Жағдайы жақсы. Осын­да бірер айдай емде­леді. Со­сын ата-аналарымен, ту­ған-туыс­тарымен қауышады, – дейді трав­матология және орто­педия бөлім­шесінің мең­геру­шісі Амангелді Мұхамеджанов. Жазым дегенді қойсаңшы! Әкесі­нің “ауылға апарамын, мен қазір келемін” деген сөзіне есі шыға қуан­ған балдырған әп-сәтте жина­лып, тағатсыздана күтіп отырады. Жеңіл көліктің гүрілін естігеннен кейін терезені ашып, төмен қарай бергенде қалай құлап түскенін біл­мей қалады. Қыстық киім мен күр­тік қар оны ажал аузынан аман алып қалды. Өмір ЕСҚАЛИ, Петропавл қаласы. ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ Қазақстанның Ұлттық қауіпсіз­дік комитеті Қырғызстан ІІМ бір­лесіп Орталық Азия өңірлік ақ­парат­тық-үйлестіру орталығының үй­лестіруімен есірткілердің ірі партия­сын Тәжік­станнан Қырғызстан арқылы Қазақ­­станға тасымалдаумен айналысқан трансұлттық есірткі тобының қыл­мыстық іс-әрекетінің жолын кесті. Табысты жүргізілген операция­ның нәтижесінде 9 қаңтарда Көк­шетау қаласында есірткі заттарын алу үстінде есірткі тобының үш мүшесі ұсталды. 15 кило гашиш және 2 кило героин тәркіленді. Осы халықаралық операцияны өткізу барысында аталған құры­лымдар жоғары деңгейлі өзара әре­кеттестікті танытты, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.