15 Қаңтар, 2010

КӘСІПКЕРЛЕР ӘНИЯНЫ ЕСКЕ АЛАДЫ

2442 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
...Сонау тоқсаныншы жылдар­дың басындағы аумалы-төкпелі кезде кәсіпкерлікке бет бұрған санаулы қазақ қыздарының бірі – өскемендік Әния Жамбылқызы Мусина еді. Еңбек жолын “Мәди” фирмасында бас есепшіден баста­ған Әния Жамбылқызы әбден ысылып, тиыннан теңге құрауға ізденіс танытқан соң жұбайы Қайрат Маратұлы Мусинге өз ойын білдіреді. Ол кезде Қайрат та кә­сіпкерлікке бет бұрып, өз бетінше әрекет етіп жатқан. Банктен ірі көлемде несие алып “Заңғар” үйін сатып алды. Әния сол сауда үйіне директор болды. Амал бар ма, бұл жалған өмір соншама қысқа болар деп кім ойлаған, сауда үйінің қыз­метін үйлестіріп, елуден астам адамға жұмыс тауып берген сүй­кімді де қарапайым келіншек өмірлік жолдасы Қайрат пен үш баласын артқа тастап мәңгілік сапарға аттанып кетті. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” демекші, осыдан төрт жыл бұрын Қайрат Маратұлы, достары, туыстары Әнияның бей­несін есте сақтау үшін кәсіпкер­лердің спартакиадасын өткізуді қолға алды. Қайрат Мусин кезінде бокспен шұғылданып, спорт ше­бер­лігіне кандидат нормасын орын­даған, сан мәрте облыстық, респуб­ликалық жарыстарда жүлдегер атанған азамат. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын Қайрат Марат­ұлының мақсаты – зайыбы Әния­ны еске ала отырып жастарды спорт­қа көптеп тарту, оның бұқа­ралығын арттыру. Тағы бір айта кететін жаңалық, жақында ғана Қайрат Мусиннің ұжымы “Парыз” сыйлығының лауреаты атанды. Құрылысшылардың Мәдениет үйіндегі Әния Жамбылқызын еске алуға арналған кәсіпкерлердің спартакиадасы салтанатты жағдайда ашылды. Оған облыстың алты командасы қатысты. Орталық базар, “Қанжар” ЖШС, “Сулей­менов” жеке кәсіпорны, “Дайд­жест” жарнама, “Марат М” және үш ұйымның командасы (“Ұлан-күзет”, “Заңғар” сауда үйі, “По­лисертико” фирмасы) спорттың төрт түрі бойынша үш күн бойы кубокты сарапқа салды. Теннистен бірінші орынды Құ­ралай Майлышева басқаратын “Ди­на” орталық базары серіктестігінің командасы жеңіп алды. Екінші орында “Марат М” командасы. Ал үшінші орынға Жомарт Жаңабаев­тың “Дайджест” командасы ие болды. “Көңілді старт” ойындары көп­шілікті бір серпілтіп тастады. Мұн­да жүлделі орындарға “Марат М” және “Дайджест” жарнама, “Сү­лей­менов ЖК” ұжымдары ие бол­ды. Команда капитандары Құралай Майлышеваның, В. Нешунаевтың, Әсет Қайырбаевтың, Миржан Құ­сайыновтың, А. Әміреновтің, Қа­ныбек Жарулиннің спартакиадаға тыңғылықты әзірліктері аталып өтті. Бұған қосымша ДВД, ДКС-1, ДКС-2, “КМ компания” ойын­шы­лары волейболдан жарыс өткізіп, (барлығы 9 команда) ДВД,ҮМЗ, ДКС жүлдегері атанды. Сонымен еске алу турнирі аяқ­талды. Шығыс Қазақстан мемле­кеттік техникалық университетінің бірінші проректоры, техника ғы­лымдарының докторы, профессор Жеңіс Күлсейітов, тарихшы, жа­зушы Сағди Қапасов, Қайрат Му­син командалық есепте топ жарған “Марат М” “Дина” сауда үйіне және “Полисертико” серіктестігіне компьютер, тоңазытқыш, факсті сыйға тарту етті. Келер жылы да бұл турнир жалғаспақ. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.