14 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің № 387 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

165 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
13-12-03 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы (бұдан әрі – Кешенді стратегия) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп: 1) 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін Кешенді стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 желтоқсан  № 387

«Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығына   ТҮСІНДІРМЕ

Жарлық 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 33-қадамын іске асыру мақсатында әзірленді. Кешенді стратегияның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметке қосудың ұлттық жүйесін құру, оны тиімді іске асыру үшін қайталап қылмыс жасау деңгейін азайтуға ықпал ететін жағдайлар жасау болып табылады. Кешенді стратегияның негізгі міндеттері болып: 1) әлеуметке қосудың ұйымдастырушылық негіздерін және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметке қосу процесін жақсарту үшін жағдайлар жасау; 3) әлеуметтік сүйемелдеу жүйесін құру арқылы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу тетігін жетілдіру; 4) кадр әлеуетін және әлеуметке қосу процесінің ғылыми негіздерін дамыту болып табылады. Кешенді стратегия ережелерін іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Іс-шаралар жоспарымен қамтамасыз етіледі. Жоспарды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қол жеткізілген нәтижелер туралы қоғамдық пікірді мониторингтеу нәтижелерін есепке алумен, олардың іс-шараларды орындау барысы туралы ашық есептілікпен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі