Израиль Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі болып қала береді. Бұл жайында бүгін Ақордада Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қос елдің арасында ерекше қарым-қатынастың орнауы тосыннан емес. Бұған Қазақстаннан шыққан ондаған мың израильдіктер септігін тигізіп жатыр. Соғыс кезінде бізге жер аударылып келіп, қазақ халқын паналады. Отандарына қайта оралғаннан кейін де бауырмалдық қарым-қатынасты сақтады. Мен Тель-Авивке барғанымда туғанындай қарсы алады. Олар бүгінде достықтың алтын көпірі болып, ынтымақтастығымызға септігін тигізіп отыр», – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті Израиль Премьер-министрімен өткен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысына көңілі толатындығын да баса айтты.
«Қазір ғана Биньямин Нетаньяху мырзамен келіссөздер аяқталды. Ол ашық әрі сенімге толы өтті. Біз екіжақты өзара іс-қимылдың, халықаралық күн тәртібінің, лаңкестікпен күрестің және өзге де жайттардың кешенді мәселелерін талқылап, өзекті мәселелерге қатысты пікір алмастық», – деп атап өтті Назарбаев.
• 14 Желтоқсан, 2016
Елбасы: Израиль – еліміздің маңызды экономикалық серіктесі

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше