Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікті көру, осы заманда өмір сүру бақыты бізге бұйырып отыр. Ширек ғасыр ішінде жаңа Қазақстан қалыптасты.
Елбасының арқасында Қазақ елі әлем жұртшылығына танылып, барша мемлекет үлгі алып отыр. Елімізде тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдері береке-бірлікте, ынтымақта болуы үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осылайша біздің халқымыз бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүре береді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығын қарсы ала отырып Қазақстан әлем картасынан ойып орын алып отыр. Мемлекет басшысы, салиқалы саясатымен Қазақстан халқының біріктірушісі бола білді. Елбасымыз «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламаларын қабылдап, еліміздің дамуының нақты жолын айқындап берді. Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосуды көздейтін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен бес институттық реформа бүгінгі күнде жемісті жүзеге асуда.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасының орман-тоғайлы жерлері мен табиғи-тарихи кешендерін қорғау мақсатындағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру» жөніндегі игі бастамасын бүкіл ел қуана қуаттап, ризашылығын білдірді. «Табиғатты сақтау – өз еліміз бен барлық адамзаттың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету», – деген Елбасының қанатты сөзі осының куәсі.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде бір ғана Алматы облысының өзін алғанда бес ұлттық табиғи парктің құрылуы еліме, жеріме деген азаматтық парыздың биік шыңы екенін мойындауымыз керек. Кеңестік кезең мен тоқырау жылдарында бесжылдық жоспар сылтауымен орман-тоғайымыз аяусыз тоналып, аң-құсымыздың сансыз азайғаны шындық. Бүгінгі күнде ұлттық табиғи парктерді құру арқылы табиғатымызды қорғап қана қоймай, толағай табыс көзі туризмнің дамуына кең өріс ашылып отыр. Туризмнің дамуы үшін қажетті инфрақұрылымдар қатарында Елбасының бастауымен «Нұрлы жол» бағдарламасы іске асырылуда. Осы бағдарлама аясында Алматы – Көлсай республикалық маңызға ие автомобиль жолының жұмысы биыл басталып, ел игілігіне 2018 жылы берілгелі отыр. Бұл өз кезегінде алыс және жақын шет елдерден Көлсай, Қайыңды көлдеріне келуші туристер мен демалушылардың легіне кең өріс ашатыны сөзсіз.
Тарих үшін қас-қағым сәт болып саналатын 25 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізді саралай келсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларация» шын мәнінде тарихи құжат. Декларацияда айтылғандай, еліміз аз ғана уақыт ішінде экономикасы қарқынды дамыған, өзге елдермен терезесі тең, толағай табыстарға жетудің бірегей тәжірибесі бар мемлекет ретінде қалыптасты.
Ұлы Дала елінің табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері Елбасымен бірге алдағы айқын мақсаттарға жетіп, гүлденген Қазақстанның азаматтары ретінде талай асулардан асатынына сенім білдіреміз.
Әміржан МАЛЫБЕКОВ,
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Бүгін, 22:32
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Бүгін, 21:50
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:50
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 20:25
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Бүгін, 19:52
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34