Атырауда да тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Жыл басынан бері жалпы алаңы 50 мың шаршы метрді құраған 15 көп қабатты үй бой көтерді. Жаңа баспана бақытына 750 отбасы бөленді. Ал Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 420 отбасы «Нұрсая» шағын ауданында бой көтерген жаңа үйден пәтер алып, көптен күткен қоныс тойын тойлады. Олардың арасында ата-ана қамқорлығын аңсағандар мен табиғи жауын-шашыннан баспанасы бүлінгендер де, жылдар бойы кезекте тұрғандар мен тұрмысы төмен отбасылар да, бюджеттік мекемелер өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер де бар. Солардың қатарындағы Лиза Жангереева бұған дейін З.Қабдолов көшесіндегі ескі баспанада тұрыпты.
– Біздің тұрған үйіміз 1949 жылы салынып, әбден ескірген болатын. Оған қоса Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлық қорғау аумағында орналасқан. Жаңа қонысқа көшсек деп армандаушы едік. Бүгін сол ойымыз орындалып, бір үйде тұрған 16 отбасы жаңа пәтерге ие болдық, – дейді ол.
батыр ана Қатима Дошымбетованың отбасы апатты үйді паналап келіпті. «1960 жылы бой көтерген үйде 40 жыл тұрдық. Сол үйде балаларымыз өмірге келді. Өсті-өнді. Алайда, апатты жағдайда деп танылған соң алаңдаушы едік. Енді алаңдамайтын болдық. Себебі, жаңа пәтер алып, қуанышқа кенеліп тұрмыз. Жаңа баспана алу да бір бақыт қой!», деп ағынан жарыла қуанды көп балалы ана.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35