15 Желтоқсан, 2016

Өзара іс-қимылдар барысы сөз болды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев National Association of Securities Dealers Automated Quotations (NASDAQ –Бағалы қағаздар жөніндегі дилерлердің ұлттық қауымдастығының автоматтандырылған баға белгілеулері) компаниясының вице-президенті, еуропалық өңір басшысы Андэрс Еженделмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында компаниямен өзара іс-қимыл және үздік әлемдік стандарттар деңгейінде АХҚО жоғары технологиялы биржа және есептік-клиринг инфрақұрылымын құру перспективалары талқыланды.