Кеше ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай еліміздегі ірі жобалардың бірі – Ертіс өзені арқылы өтетін алып көпір іске қосылды. Көпір құрылысы Елбасы тапсырмасы бойынша басталған болатын. Енді «Орталық-Шығыс» көлік дәлізі «Нұрлы жол» бағдарламасының бөлшегіне айналып отыр. «Қазавтожол» АҚ өкілдерінің айтуларынша, бұл аркалы, әсем де ерекше алып көпір заманауи жаңа технологиялар бойынша вант түріндегі көлбеу иілгіш ілмектерді қолдану арқылы салынды. Көпірді салуда елімізде тұңғыш рет орталық арканы арнайы гидравликалық жүйе және «Heavy Lifting» домкраттарының көмегімен көтеру технологиясы қолданылды. Көпірдің жалпы ұзындығы 12,3 шақырым. Эстакада бөлігі 66 тіректен тұрады, оларға темір-бетон арқалықтардан тұратын құрылғылар орнатылған. Көліктер жүретін бөлігі төрт жолақтан тұрады, өткізу қабілеті – тәулігіне 10 мың автомобиль. Жаңа көпір транзиттік көліктің жол ұзақтығын 40 км-ге қысқартып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Алып құрылысқа 1800 адам, 700 техника бірлігі, 6 суда жүзу құралдары жұмыс жасады.
Сонымен қатар, облыстағы көлік қызметі, қоғамдық тамақтану және басқа қызмет көрсететін 100-ге жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары тартылды. Нысанның құрылысына жергілікті және қазақстандық құрылыс материалдары: қиыршық тас, цемент, темір-бетон бұйымдары және басқа материалдар пайдаланылды. Көпірдегі құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылды. Жаңа көпірдің іске қосылумен тағы да бір ерекше жол айырығы пайда болып, ол еліміздің орталық бөлігін Ресейдің көршілес өңірлерімен байланыстырады.
Көпірдің ашылу салтанатына Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пшенбаев, «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, облыс әкімі Болат Бақауов, өңір жұртшылығы қатысты.
Мерекелік салтанат күні көпірдің үстімен елімізде шығарылатын электромобильдер мен автомобильдер, коммерциялық техникалар сап түзеп жүріп өтті.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:50
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 20:25
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Бүгін, 19:52
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25