Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Маңғыстау облысының барлық санаттағы мүгедектеріне бес АЕК (10 605 теңге) төленеді. Дәл осы мақсатта бюджеттен 230 миллион теңге бөлу қарастырылған. Бұл туралы Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова хабарлады, деп жазады lada.kz.
Маңғыстау облысында 21 мыңнан астам барлық санаттағы мүгедектер төлемақыға ие болады. «Екінші деңгейлі банктердің карта-шоттарына ақша аудару басталды. Көмек алатындардың қатарында республикалық және облыстық маңызы бар зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және мүгедек интернационалист-жауынгерлер де бар», – деді Г.Қалмұратова. Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыста берілетін төлемнің аздығына қарамастан, бір реттік көмектің жыл сайын бес мерекеге орай тұрақты беріліп келе жатқанын атап өтті. «Төлемақы мөлшері аудандар мен қалаларда бірдей, 2017 жылға да бекітілген. Бюджетте қосымша материалдық көмек үшін бір жарым миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаржы әлеуметтік пакетті құрайды және бұл қаражат мұқтаж жандарға көмек болады деп үміттенеміз», – деді Г.Қалмұратова.• 15 Желтоқсан, 2016
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 21 мың маңғыстаулық сыйақы алады
Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35