15 Желтоқсан, 2016

АҚШ Федералды қоры базалық үстемені көтерді

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Федералды қор жүйесінің ашық нарығындағы операция комитеті 2015 жылдың желтоқсан айынан бері алғаш рет базалық үстемені көтерді. Енді федералды қордың базалық пайыздық үстемесі 0,5-0,75 пайыз арасында болады.

Бұл базалық үстеменің соңғы он жыл ішіндегі екінші рет көбейтілуі.

Базалық үстемені көтеруде аталған орган елдегі инфляция деңгейі мен әлемдік нарыққа талдау жасайды. Федералды қордың мәлімітенше, жұмыссыздық АҚШ елінде төмендеп келе жатыр. Сонымен қатар сарапшылар азаматтардың жұмсайтын ақшасының да көбейгенін айтады.

АҚШ долларының инфляциясы әзірге 2 пайыздан төмен сақталып отыр. Алайда алдағы уақытта бұл көрсеткіш 1 пайызға дейін түседі деген болжам бар.

Федералды қордың осы шешімінен кейін АҚШ долларының өзіндік құны көтерілді. Нәтижесінде мұнай бағасының салыстырмалы түрде арзандауы мүмкін деген болжам бар.