15 Желтоқсан, 2016

Tesla мен Uber-дің басшылары Трамптың кеңесшілері болды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск, сондай-ақ Uber-дің жетекшісі Трэвис Каланик АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамппен тәжірибе бөлісетін болады. Бұл туралы The Verge сайты жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазір кеңеске 19 адам кіріп отыр. Кеңес мүшелері экономикалық бағдарламаны іс жүзіне асыру үшін Трамппен білім және тәжірибелерімен бөлісетін болады. Кеңеске мүше 19 адамның қатарында ірі бизнесмендер өте көп: мысалға, Disney студиясының бас директоры Боб Айгер, IBM бас директоры Джинни Рометти және PepsiCo компаниясының бас директоры Индра Нуйи. Оған сондай-ақ General Motors компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры, Boeing компаниясының бұрынғы төрағасы, президенті және бас атқарушы директоры, General Electric-тің бұрынғы төрағасы және бас атқарушы директоры және Пулитцеровск сыйлығының иегері Дэниел Ергин мүше.