«Қайрат» футбол командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук мансабын қайда жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Украиналық футболшының жақында алматылық командамен арадағы келісімшарт мерзімі аяқталған. Бұдан кейін ол Киев қаласына келіп, жаттықтырушылық курсын аяқтап жатыр. «Қандай жағдай болмасын, спортта қаламын деген ойдамын. Қазір футболшы ретіндегі мансабымда қайда жалғастыратынымды ойластырып жатырмын. Бәлкім, бапкерлік жолымды да бастап кетермін», – деді ол.
Мұндай тәжірибелі ойыншыға сұраныс көп болары белгілі. Бұл туралы: «Әрине, ұсыныстар көп. Бірақ көбісі жаттықтырушы ретінде шақырады. Ұзақ әрі күрделі маусымды аяқтағандықтан алдымен демалысты ойлағым келеді. Оның үстіне Еуропа чемпионаты да біраз күшімді алды. Жазда демалып үлгермегендіктен қазір аздаған үзіліс алғым келеді. Ал қалғанын содан кейін шешемін», – деді «Қайраттың» экс-хавбегі.
Айта кетейік, 37 жастағы Тимощук қазақстандық клубқа 2015 жылдың жазында ауысып келген. Екі маусымда ол ҚПЛ-де 34 матч (бір гол, екі нәтижелі пас), ел Кубогында 5 матч, сондай-ақ Еуропа лигасында 10 матч өткізді. «Қайрат» сапында Қазақстан кубогын бір рет жеңіп алса, ішкі біріншілікте екі рет күміс медальді еншіледі.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:50
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 20:25
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Бүгін, 19:52
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02