15 Желтоқсан, 2016

25 жылда Қазақстанның ЖІӨ 20 есеге көбейді

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған салтанатты шара өтіп жатыр.  Шарада сөз алған мемлекет басшысы 25 жылдың ішінде елдің жеткен жетістіктерінің бірсыпырасын тілге тиек етті. “1991-2016 жылдар аралығында қазақстандықтардың табысы 40 есеге, ал елдің жалпы ішкі өнімі 20 есеге артты. Шамамен 2 миллион жұмыс орны ашылды”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.