15 Желтоқсан, 2016

Қостанайда қашықтық диагностика жүйесі іске қосылды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
40wc4m7itxi Енді Қостанай облыстық көп профильді және облыстық балалар ауруханалары қытайлық әріптестерімен тікелей байланысқа шығып, кеңестер ала алады. Үрімшідегі 6-шы қалалық аурухана онлайн байланыста болды. Қытай жағынан қала мэрінің орынбасары және дәрігерлер қатысты. Ал Қостанайдан дәрігерлермен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері отырды. Қытай және қазақстандық ауруханалар арасында жаз айында Шанхай ынтымақтастық ұйымы бағдарламасы шеңберінде келісімге қол қойылған болатын. el8nm0hzlao «Алдымен травматология және ортопедия саласы бойынша қытайлармен жұмыс істейміз, сосын медицинаның басқа салаларына көшеміз. Бұл күрделі жағдайларда бізге нақты диагнозды анықтауға мүмкіндік береді. Онлайн байланыс арқылы қытайлық әріптестерге түсірілген рентген материалдарын, науқасты тексеру қорытындыларын және пациентті көрсетеміз» дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Фазыл Темірханов. Ал облыстық аурухананың бас дәрігері Владимир Стельмах қытайлық әріптестермен кеңесу, алыстан диагностиканың нақтылығын анықтау науқастардың сапалы емделуіне жағдай туғызатынын айтты. Нәзира Жәрімбетова «Егемен Қазақстан»