15 Желтоқсан, 2016

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға алғыс айтты

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара барысында елдің дамуына жұмыс істеген барша қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz. «Барша қазақстандықтарға,  ТВ алдында отырған отандастарға, мереке күндері де жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге, демалыссыз, тынбай еңбек ететін өнедіріс ошақтарының жұмыскерлеріне,  фермерлер мен ұстаздарға,  дәрігерлерге, ғалымдарға, кәсіпкерлер мен  әскери қызметкерлерге, өнер иелеріне, жастарға елдің гүлденуі жолында еңбек еткендері үшін алғыс білдіремін.  Реформаның құндылығын арттырған тынбай еңбек еткен  тұрғындар болып табылады. Біздің экономикамыздың дамуы көптеген сарапшылардың таңдайын қақтырды.  Тәуелсіздік жылдары  экономикамыз 20 есеге өсті.  25 жылдың  17 жылында ол тынымсыз өсуде», – деді Елбасы. Елбасы  ең күрделі кездің өзінде отандастардың қолдауы күш-жігер бергенін айтып өтті. «1991 жылдың  10 желтоқсанында, яғни  25 жыл бұрын  мен Президент лауазымына келдім. Халқым үшін кез келген сынаққа төтеп беруге дайын болдым. 25 жыл өткен соң  Тәуелсіздігіміздің  мерейтойында  осы сөздерді қайталағым келеді.  Мен үшін Қазақстан халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ», – деді Н.Назарбаев.