15 Желтоқсан, 2016

Елбасы отандық бизнес өкілдеріне алғыс айтты

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-12-16-nazarbaev-11

Қазақстандағы бизнесмендерде миллионер әкелері болған жоқ. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Бүгінде қалыптасқан бизнесмендерімізде мүліктікті мұра қалдырып, бастапқы капитал бөліп берген миллионер әкелері болған жоқ. Олар өз күшімен суырылып шықты. Өзінің еңбегімен іскерлігін және елдің болашағын құрған еңбекқор адамдар реформалардың құндылығын арттырғанын үнемі айтып жүрмін», – деді Елбасы. Осы орайда Президент қазіргі кезде бұндай адамдар елімізде өмір сүріп жатқандықтан Қазақстан өзінің күш-қуатына сенімді екенін атап өтті. «Мемлекеттің саясатын пайдаланып, дәулетін арттырып, ауқатты болғаны өте жақсы. Ал енді сол кезде халыққа бет бұрып, елге көмектескені үшін барша іс адамдарына ризашылығымды тағы да бір айтамын», – деді Н. Назарбаев.