15 Желтоқсан, 2016

Тәуелсіздік сарайында салтанатты жиын өтіп жатыр

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтіп жатыр. Алдымен шара өтіп жатқан Тәуелсіздік сарайына еліміздің мемлекеттік рәміздері енгізіліп, әнұранымыз орындалды. Осыдан кейін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, бүгінгі салтанатты жиынға мемлкеттіміздің дамуына, Тәуелсіздіміздің нығаюына зор үлес қосқан елеулі азаматтар еліміздің түпкір-түпкірінен келіп отырғандығын атап өтті. «Қазақстаның Тәуелсіздігі мен Елбасының есімі егіз ұғым. Сондықтан біз бәріміз Тәуелсіз мемлекеттің атынан осы ең қастерлі мерекеге орай Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, бүкіл әлем көреген саясаткер, ұлы мемлекет қайраткері ретінде мойындап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты  шын жүректен құттықтап, кемеңгерлік қызметіне зор ризашылығымызды білдіріп, зор рахмет айтамыз», - деді Сенат спикері. Шараға сонымен қатар депутаттар, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер майталмандары қатысуда. psx_20161215_114753 3