18 Желтоқсан, 2016

Индонезияда әскери ұшақ құлады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Индонезия әскери-әуе күштерінің Hercules C-130 ұшағы ел шығысындағы шалғай елді мекенде апатқа ұшырады. Барлық экипаж мүшелері көз жұмды, деп хабарлайды Би-би-си. Билік өкілдерінң мәліметтерінше, бортта үш ұшқыш және 10 әскери қызметкер болған. Индонезия әуе әскери күштерінің басшысы жергілікті телеарнаға берген сұхбатында апаттың себебі қолайсыз ауа райы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ұшақ Тимика қаласынан Вамена қаласына азық-түлік қорын жеткізуі тиіс еді. Алайда ол жексенбі күні таңертең таулы өлкеге апатқа ұшырады.