18 Желтоқсан, 2016

Қос боксшымыз жеңістерін Тәуелсіздік күніне арнады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-12-16-boks

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев (7-0, 6KO) пен Абылайxан Құсайынов (4-0, 3ko) ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізген жекпе-жектерінде кезекті жеңістеріне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бокс кеші (Астана уақыты бойынша 17 желтоқсан) күні Канаданың Квебек қаласында өтті. Батыр Жүкембаев өзінің жетінші кездесуінде мексикалық боксшы - Мануел Марезге қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жетсе, Абылайхан Құсайынов өзінің төртінші кездесуін мексикалық Хесус Переске қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша қарсыласынан басым түсті. Екі боксшы да осыған дейін соңғы жекпе-жегін 23 қазан күні Лемье-Риос шоуында өткізіп, қарсыластарын теxникалық нокаутпен ұтқан болатын. Онда Жүкембаев мексикалық Иван Перейраны 5 раундта, Құсайынов қарсыласын 2 раундта теxникалық нокаутқа түсірген.