18 Желтоқсан, 2016

Трамп Мишель Обамамен неге келіспейді?

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Мишель Обаманың сайлау нәтижесінен кейінгі АҚШ болашағы туралы айтқан сөздеріне мүлдем келіспейді. Бұл туралы ол 18 желтоқсанда Алабама штатында өз жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Fox News телеарнасы, "Мишель Обама енді болашаққа үміт жоқ дейді. Ол өткен күндер туралы айтып отырған шығар. Керісінше, мен үміттің барына, үлкен мүмкіндіктердің қолымызда екеніне сенімдімін. Біздің мемлекет бұрынғыдан да ұлы болады", - деді Трамп. Сонымен қатар ол Мишель Обама басқа нәрсе айтқысы келгенін, бірақ сөздерді орынды қолданбағаны мүмкін екенін де жеткізді. "Мен жақында жарым Меланиямен Ақ үйде болдым. Президент пен Мишель Обама бізді жақсы қарсы алды. Мен ол дәл осы пікірді ұстанбай, тек ойын дұрыс жеткізе алмады деп үміттенемін", деді Трамп.