18 Желтоқсан, 2016

Кайсеридегі жарылысқа Күрдістан жұмысшылар партиясы жауапты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Кайсеридегі жарылысқа Күрдістан жұмысшылар партиясы жауапты екендігін айтты, деп хабарлайды РИА Новости. "Сепаратистік лаңкестік ұйым (Күрдістан жұмысшылар партиясы) бұл жарылысқа жауапты. Оның барлық мүмкіндіктері бар. Бұл теракт Сирия мен Ирактағы жағдайлардан тәуелсіз емес. Түркия бірнеше лаңкестік топтардың соққысына ұшырады", делінген мәтінде. Сонымен қатар Ердоған Түркия лаңкестікке қарсы күресті тоқтатпайтынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, кеше әскерилер отырған автобустың қасында жеңіл автокөлік жарылған болатын. Мемлекеттің Бас штабы ең аз дегенде 13 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алғанын айтты. Кеше Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым жарылысты жанкешті-содыр ұйымдастырғанын айтты. "Бүгін әскерилерді тасымалдайтын автобусқа шабуыл жасалып, жарылысты ұйымдастыруға жанкешті-содыр пайдаланылған", делінген Sabah агенттінің мәліметінде.