18 Желтоқсан, 2016

Филиппин АҚШ-пен қарым-қатынасын үзуі мүмкін

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Филиппин президенті Родриго Дутерте Вашингтон Манилаға қаржылық көмек көрсетпесе, америкалық әскерилердің осы елде болуына рұқсат беретін келісімшартты бұзатынын айтты, деп хабарлады Associated Press. "Біз Американың қаражатынсыз өмір сүре аламыз. Бірақ, бұл жағдайда Америка Филиппиннен кетуге дайындала берсін", - деді Дутерте. Оның айтуынша, бұл келісім 1998 жылдан бері бар. "Егер сендер солай істей алсаңдар, біздің де қолымыздан келеді", - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, 15 желтоқсан күні АҚШ Филиппинге Millennium Challenge Corporation агенттігінің қызметі аясында қаржылық көмек көрсетуден бас тартқан болатын. Олар бұл шешімнің себебін осы елдегі азаматтық бостандықтың бұзылуымен байланыстырған еді. Сонымен қатар, Дутерте 30 маусымда өз қызметіне кіріскеннен бері бес мыңға жуық адам соттан тыс жазаланғанын да алдыға тартқан болатын.